Жаңалықтар

KASE мен Мәскеу биржасы стратегиялық әріптестік туралы келісімге келді

10.10.2018

Келісім шартқа сәйкес Мәскеу биржасы KASE жарғылық капиталының 20%-ын 2019 жылдың соңына дейін екі кезеңде сатып алады.

"Мәскеу биржасымен келісімге келгеніміз Қазақстан қор биржасына сенімді әріптес тапқанымызды білдіреді. Мәскеу биржасы да KASE таңдау арқылы өздеріне сенімді серіктес тапты деп айта аламын. Бұл нарық қатысушыларына мүмкіндікті кеңейте түседі деген сенімдемін. Ал Мәскеу базасы үшін резервтегі мүмкіндіктер базасына айналмақ", – деді келісім шартқа қол қою бойынша қорытынды отырыс барысында бас банкир Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, Мәскеу биржасының бірқатар ноу-хау технологиясы енді Қазақстан нарығында қолданылатын болды.

"Біз Т+1 кестесіндегі валюта саудасына көштік. 1 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасы валюта саудасы нарығында орталық контрагентке айналды. Жақын арада Т+1 кестесіндегі сауда енгізіледі. Бұл схемамен ҚР Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноттары мен ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздары саудаланатын болды", – деді Данияр Ақышев.