Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 8,4%-ға артқан

16.10.2018

2018 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 254,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 8,4%-ға артты, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлайды.

Осы уақыт аралығында ЕАЭО елдерінің экспорты ақшалай эквивалентпен алғанда 3 909,2 млн. АҚШ доллары (13,8%-ға өсті), импорт 8 345,5 млн. млн. АҚШ доллары (6%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, Қырғызстан Республикасына – 4,5%, Беларусь Республикасына - 3,5%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.