Жаңалықтар

"ҚазМұнайГаз" пен "Лукойл" "Жеңіс" жобасы бойынша Бірлескен қызмет туралы келісім мен Қаржыландыру туралы келісімге қол қойды

5.12.2018

Мәскеу қаласында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Алик Айдарбаев пен "ЛУКОЙЛ" ЖАҚ президенті Вагит Алекперов "ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим" ЖШС атынан "Жеңіс" жобасы бойынша Бірлескен қызмет туралы келісімге және Қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес екі компания учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан "Жеңіс" жобасын іске асыру шарттарын келісті.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген келісімдерге қол қою "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне құзыретті орган, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим" ЖШС арасында тікелей келіссөздер өткізу және Көмірсутек шикізатын барлауға және игеруге арналған келісімшартты жасасу үшін жүгінуге мүмкіндік береді.

ЛУКОЙЛ компаниясының "Жеңіс" жобасына кіруі Каспий теңізінің қазақстандық учаскесінің көмірсутектерді іздеу үшін тартымды екенін тағы да көрсетті және компаниялар арасында қалыптасқан тығыз қарым-қатынастарды растады.

ҚазМұнайГаз бен ЛУКОЙЛ көп жылдан бері стратегиялық әріптес болып табылады және бірқатар бірлескен жобаларды іске асыруда.

 Анықтама: "Женис" учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторы айдынының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жаңалауға дейінгі арақашықтық 80 км, кемелер үшін таяу порт Ақтау қаласы.