Жаңалықтар

Ресей Қазақстанның Сириядағы жағдайды реттеуге қосқан үлесін жоғары бағалайды

14.02.2018

Ресей 30 қаңтарда Сочи қаласында өткен Сириялық ұлттық диалог конгресіне бақылаушы жібергені үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың атына жолдаған үндеуінде өткен іс-шара Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру жолындағы ірі және маңызды қадам ретінде тарихқа енетіні жөнінде айтылған.

"Қабылданған қорытынды мәлімдеме Сириядағы қақтығыс БҰҰ аясында халықаралық қоғамдастық қабылдаған шешімдердің, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 2254 Қарарының негізінде саяси шешімінің баламасыздығын растайды", – деп атап өтті С.Лавров өзінің жолдауында.

"Бұл ірі Форумды дайындау және өткізу барысында біз халықаралық әріптестерімізбен, олардың ішінде Астана процессінің қонақжайлы отағасы міндетін атқарып отырған, аса маңызды рөлге ие Қазақстанмен әрекеттеріміздің тұрақты үйлестіруін қолдауға мүмкіндік болғанына қанағат білдіремін", – деп айтылған жолдауда.

Сонымен қатар, Ресей СІМ басшысы Қазақстанның Сирияда бейбітшілікке қол жеткізуге қосқан үлесін жоғары бағалай келе, Астана алаңындағы Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы нәтижесінде жемісті болатынына сенім білдірді.