Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Санкт-Петербургте Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовке арналған кітап көрмесі ашылды

15.04.2022

2022 жылғы 14 сәуірде Ресей Ұлттық кітапханасында қазақ қоғам қайраткері, ғылым лингвист Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және атақты жазушы, академик Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған кітап көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Көрме Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы, Ресей Ұлттық кітапханасы және жергілікті қазақ диаспорасының бірлескен бастамасымен ұйымдастырылды. 

Іс-шараға Ресей Ұлттық кітапханасының (РҰК) басшылығы, қаланың қоғам қайраткерлері, Санкт-Петербург қаласында тұратын қазақ және басқа диаспоралардың өкілдері, сондай-ақ Санкт-Петербург қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты. 

Іс-шараға Ресей Ұлттық кітапханасының басшылығы, Санкт-Петербург қаласында тұратын қазақ және басқа диаспоралардың өкілдері, сондай-ақ Санкт-Петербург қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты. 

Көрмеге 100-ден астам әртүрлі экспозициялар қойылды, атап айтқанда, А.Байтұрсыновтың "Qazaq" газетінің 1913 жылғы 2 ақпандағы бағдарламалық мақаласының түпнұсқасының бірінші басылымы, 1929 жылы шығарылғын Мұхтар Әуезовтің қазақ балаларына арналған "Жаңа ауыл" атты орысша әліппесі. 

Көрмеге қатысушылар аталған іс-шараның Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. 

Көрменің нәтижесінде 2022 жылдың қыркүйегінде Мұхтар Әуезовтың толық шығармаларының ауқымды көрмесін ұйымдастыру туралы шешім қабылданып, Қазақстанның мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік береді.