Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Елшіліктің 2017 жылы 15-16 наурыздағы Ресейдегі отандастардың қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен өткізген интернет-конференциялары

15.03.2017

15-16 наурызда Елшілік Астрахань және Омбы қалаларының консулдығы мен Санкт-Петербор және Қазан қалалары Бас консулдығы қызметкерлерімен және Омбы, Астрахань, Санкт-Петербор, Қазан, Уфа, Орынбор, Алтай және Краснодар өңірі, Саратов, Самар, Челябі және Иванов қалаларындағы Ресей қазақтарының 20-дан астам ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен 2017 жылғы интернет-конференциялардың алғашқы сеансын өткізді.

Интернет-конференция барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бөлімінің басшысы А.Аспандиярова ондағы қатысушыларға отандастар мен Ресейдегі қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктері өкілдерімен өзара қарым-қатынас жөніндегі қызметтерге жауапты Елшіліктің кеңесшісі Д.Дияровты таныстырды.

Елшілік 2017 жылғы Қазақстан-Ресей дипломатиялық қатынастарының 25 жылдығына арналған бірлескен жұмыс жөніндегі нақты жоспарларымен, ЭКСПО-2017 Астана халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу және Алаш қозғалысының 100 жылдығы туралы ақпараттармен бөлісті.

«Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша балалар сурет конкурсы туралы ереженің Елшіліктің сайтында орналастырылғанын хабарлап, оған қатысу жөнінде түсініктеме берілді.

Елшілік өз жобалары мен ақпараттық материалдарын насихаттау үшін Ресейдегі отандастарды РФ ҚР Елшілігінің ресми сайтының ресурстарын белсенді пайдаланға шақырды. Атап айтсақ, Ресейдің аймақтарында Наурыз мейрамын тойлау туралы ақпаратттарды сайтқа орналастыруға бағыттады. Осыған байланысты, Елшіліктегі кездесу кезінде Мәскеу қаласындағы қазақ диаспорасы өкілдерімен 1 сәуірге жоспарланған «Наурыз - 2017» мәскеулік жалпықалалық мерекесіне Қазақстанның қатысуы талқыланды. Аймақтардың өкілдері осы шараға арналған салтанатқа шақырылды.

Бұдан бөлек «Вахта памяти» жобасына Ресейдегі қазақтар белсенді қатысуға шақырылды. 

Интернет-конференция барысында Алтай өңірінің өкілі М.Бекмұратов пен Челябі облысының өкілі К.Сейтиков Астанада өтетін Дүниежүзілік қазақтар құрылтайына қатысуға Елшілік тарапынан көмек көрсету өтінішін айтты. Сол күні Елшілік қызметкері ДҚҚ төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашевпен хабарласып, қажетті ақпаратты нақтылады. Т.Мамашев Дүниежүзі қазақтар құрылтайына белсенді қазақ жастарын жіберу қажеттілігіне назар аударуды сұрады. Келесі интернет-конференциялардың мерзімдері туралы Елшілік «Аңдатпа» айдарында хабарлайтын болады.