Коронавирус - COVID-19

Ақпарат

Ресейдегі Қазақстанның консулдық мекемелерінің «жедел желі» телефондары
  • Мәскеу

    8-925-897-71-14

  • Санкт-Петербург

    8-921-188-90-60

  • Қазан

    8-905-020-30-42

  • Омбы

    8-968-100-73-06

  • Астрахань

    +7-906-177-70-88

Консулдық бөлімнің жаңалықтары

Электрондық цифрлық қолтаңбаны ресімдеу туралы

9.03.2022

Құрметті азаматтар!

Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінде сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 14.30-дан 16.00-ге дейін ресімдеуге болады.

Қабылдауға сілтеме бойынша онлайн жазылуға болады. Мәскеу қаласын, одан кейін "ЖСН/ЭЦҚ" санатын, күні мен уақытын таңдап, жеке деректерді толтырасыз.

Ол үшін:

– Қазақстан Республикасы Ұлттық сертификаттау орталығының http://www.pki.gov.kz сайтына өтіңіз;

– ЭСҚ алуға өтінімді толтырыңыз;

– Өтінішті басып шығарыңыз, оған қол қойыңыз;

– Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің консулдық бөліміне өтінішпен, жеке басын куәландыратын құжатпен, төлқұжаттың негізгі бетінің көшірмесімен (жеке куәліктің көшірмесі) келу.

Қазақстан Республикасының бейрезиденті ЖСН алуы үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

– төлқұжаттың түпнұсқасы және электрондық көшірмесі (pdf форматында);

– шетелдіктің толық аты-жөнінің кириллицаға (төлқұжат латын тілінде болса) немесе латын тіліне (төлқұжат кириллицада болса) нотариалды куәландырылған аудармасының (pdf форматындағы) электрондық көшірмесі;

– USB-flash жинақтаушы (ЭЦҚ кілттерін сақтау үшін);

– көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

ЖСН алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы:

– Қазақстан Республикасы Ұлттық сертификаттау орталығының http://www.pki.gov.kz сайтына өтуі керек;

– ЭСҚ алуға өтінімді толтыруы керек;

– Өтінішті басып шығарыңыз, оған қол қою керек;

– Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің консулдық бөліміне өтінішпен, жеке басын куәландыратын құжатпен, төлқұжаттың негізгі бетінің көшірмесімен (жеке куәліктің көшірмесі) келуі керек.

Подпишитесь на рассылку