Қазақстанға виза алу

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі әлемнің 54 елінің азаматтары үшін біржақты визасыз режимнің қолданылуының уақытша тоқталу мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Көрсетілген санаттағы шетелдіктерге елге визасыз кіру мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы  № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 17-тармағында көзделген.

Бұған дейін оның күші Үкіметтің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 220  қаулысымен (2020 жылдың 1 қарашасына дейін), кейінірек 2020 жылғы 30 қазандағы № 727 қаулысымен (2021 жылдың 1 мамырына дейін) тоқтатылды.

Норма келесі елдердің азаматтарына қолданылады: Америка Құрама Штаттары, Аустралия Одағы, Аустрия Республикасы, Бахрейн Корольдігі, Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Ватикан, Вьетнам Социалистік Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Индонезия Республикасы, Италия Республикасы, Канада, Кипр Республикасы, Колумбия Республикасы, Кувейт Мемлекеті, Қатар Мемлекеті, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Лихтенштейн Князьдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан, Малайзия, Мальта Республикасы, Мексика Құрама Штаттары, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Таиланд Корольдігі, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Филиппиндер Республикасы, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі және Эстония Республикасы.

Қазақстанның Ресейдегі консулдық мекемелері (осы жерді басыңыз).

Шетелдік азаматтар үшін Қазақстан Республикасының визалық режимі (осы жерді басыңыз).

Қазақстан Республикасының визалар беру тәртібі (осы жерді басыңыз).

Визалардың келесі санаттарын рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

1. Жеке (Word құжатын жүктеу);

2. Іскерлік (Word құжатын жүктеу);

3. Дипломатиялық, қызметтік (Word құжатын жүктеу);

4. Жұмысқа арналған (Word құжатын жүктеу);

5. Транзиттік (Word құжатын жүктеу);

6. Туристік (Word құжатын жүктеу);

7. Оқуға арналған (Word құжатын жүктеу).

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге бір мәртелі визаны электрондық форматта алу рәсімі енгізіледі

Ресей азаматтарының Қазақстанға кіру тәртібі:

«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 494 Қаулысы 2005 жылы 23 мамырда қабылданды. Осы қаулыға сәйкес Ресей Федерациясының азаматтары ішкі, дипломатиялық, қызметтік және шетелге шығу төлқұжатымен, Ресей Федерациясының 14 жасқа дейінгі азаматтары туу туралы куәлігімен Қазақстан Республикасына кіре алады.

Астанада 2012 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге қол қойылды. Келісім бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында құрылған және екінші Тараптың аумағында уақытша болатын бір Тараптың азаматтарын қабылдайтын мемлекеттің құзыретті органдарында кірген күннен бастап 30 күн ішінде болатын жері бойынша есепке қою міндетінен босатуды қарастырады.

Сауалнама нысаны және оңайлатылған тәртіпте визаны алу үшін өтінішті жүктеу

Барлық санаттағы визаларды рәсімдеу мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

Жұмыс істеу тәртібі:

Қабылдау күндері: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма. Құжаттарды қабылдау уақыты 09.30 сағаттан бастап 12.30 сағатқа дейін.

Қабылдамайтын күндер: сәрсенбі, сенбі, жексенбі және ҚР мемлекеттік мерекелері күні.

Қазақстан Республикасының ұлттық жәңе мемлекеттік ресми мерекелері

Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер ҚР-ның заңдарына сәйкес мереке күндері болып саналады. ҚР-да мереке күндері жұмыс күндері болып табылмайды. Демалыс күндері мереке күндеріне сай келгенде, мереке күннен кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып саналады.

Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік ресми мерекелері:

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

7 қаңтар – «Рождество Христово» мерекесі

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз – Наурыз мейрамы

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

7 мамыр – Отан Қорғаушылар Күні

9 мамыр – Жеңіс күні

6 шілде – Астана күні

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні

1 желтоқсан  – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні

16-17 желтоксан – Тәуелсіздік күні.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шетел азаматтары (РФ азаматтарынан басқа) Қазақстанға келгеннен кейін 5 күн ішінде ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті. Халықаралық өзара түсіністік қағидаты (екі мемлекеттің азаматтары үшін визаларды рәсімдеу барысында тең жағдайлар ұсыну) негізінде Жапония азаматтары консулдық алымдардан босатылған, АҚШ азаматтары үшін консулдық алымдардың бөлек тарифтері орнатылған (алымдар мөлшерін визаға құжаттарды беру барысында нақтылаған жөн).

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II Салық кодексінің 514 бабына сәйкес консулдық алымдар кері қайтарылмайды (өтелмейді). Консулдық алымдардың төлемі құжаттарды бергеннен кейін банкте жүзеге асырылады.