Өмірбаян

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

АБАЕВ ДӘУРЕН ӘСКЕРБЕКҰЛЫ


1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Лейден университетін, Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.

Дипломатиялық қызметін 2001 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті ретінде бастады, кейін атташе, үшінші хатшы болды. 2003 жылы Әзербайжандағы ҚР Елшілігіне үшінші хатшы ретінде жіберілді. 2003-2007 жылдары Нидерландтағы ҚР Елшілігінің екінші хатшысы, уақытша сенімді өкілі болды. 2007 жылы ҚР СІМ Баспасөз қызметі бөлімінің басшысы ретінде тағайындалды.

2007 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы, протокол кеңесшісі, баспасөз хатшысының орынбасары, мемлекеттік инспекторы болды. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы - кеңесшісі болды.

2016 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары. 2022 жылдан 2023 жылға дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы наурыздан бастап ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарды.

2023 ж. 3 шiлдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкiл дипломатиялық дәрежесі бар.

Ағылшын тілін меңгерген.