Жаңалықтар

Қазақстан өкілдері Ханты-Мансийскіде XIII Халықаралық IT-форумға шақырылды

16.03.2022

Мәскеуде Қазақстанның Елшілігінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ермек Көшербаев Ханты-Мансийск автономиялық округі Губернаторының орынбасары Алексей Забозлаевпен кездесті.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастың негізгі бағыттарын талқылады.

Алексей Забозлаев қазақстандық тараптың өкілдерін ағымдағы жылдың маусым айында Ханты-Мансийск қаласында БРИКС және ШЫҰ елдерінің қатысуымен өткізілетін XIII Халықаралық IT-форумға қатысуға шақырды. Аталған іс-шараның аясында цифрлік даму саласындағы мәселелердің қарастырылуы және осыған байланысты бірлескен шаралардың пысықталуы жоспарлануда.

Губернатордың орынбасары Ресей Федерациясының субъектілері арасында ХМАО аймағы цифрлық даму бойынша екінші орында екенін атап өтті. Бүгінгі таңда округтің ауылдық жерлерінің 93% жоғары жылдамдықты интернетті пайдаланады. "IT-жайылым" бағдарламасы жұмыс істейді, ол арқылы дәстүрлі өмір салтын жүргізетін өңір тұрғындары тиісті цифрлық сервис алады.

Ермек Көшербаев ресейлік тараптың шақыруына байланысты алғысын білдіріп, Қазақстанның профильдік министрліктері мен ведомстволары өкілдерінің аталған форумда қатысуына қатысты қолғабыс көрсететінін хабарлады.