Жаңалықтар

Мәскеу қаласында Мәскеу мен Нұрсұлтан заңнамалық жиындары ынтымақтастығының келешегі талқыланды

7.04.2022

Бүгін Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ермек Көшербаев Мәскеу қалалық Думасының төрағасы Алексей Шапошниковпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын талқылады.

Парламентаралық өзара іс-қимылдың оң қозғалысы атап өтілді. Атап айтқанда, Мәскеу қалалық Думасының және Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттарының өзекті мәселелерді талқылау және шешудегі сындарлы диалогының болашағы бар.