Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде Үндістан және Черногория елшілерімен кездесулер өтті

26.04.2022

Бүгін Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ермек Көшербаевтың Үндістанның Ресейдегі Елшісі Паван Капурмен және Черногорияның Ресейдегі Елшісі Милорад Щепановичпен кездесулері өтті.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың келешегі талқыланып, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Атап айтқанда, Үндістан Елшісімен кездесуде Ермек Көшербаев Қазақстанның екіжақты негізде де, халықаралық ұйымдар, соның ішінде АӨСШК аясында да ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Дипломаттар тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыру ниетін растап, бір-біріне алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.