Жаңалықтар

Қазақстан мен Калининград облысы ынтымақтастықты нығайтуда

29.04.2022

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаевтың Калининград облысына жұмыс сапары өтті.

Аймақ губернаторы Антон Әлихановпен кездесу барысында ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша кең ауқымды мәселелер, соның ішінде Елшілік делегациясының өткен жылғы сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар талқыланды.

Атап айтқанда, пандемияға қарамастан Қазақстанмен сауда 2020 жылғы 54,9 миллион доллардан 2021 жылы 66 миллион долларға дейін өскені атап өтілді. Тараптар өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік және транзит, сондай-ақ туризм саласындағы ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар өткен жылдың қараша айында Қазақстан мен Калининград облысы арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға қосылған маңызды үлес болғанын зор қанағаттанушылықпен атап өтіп, оның жақын арада қайта жанданатынына сенім білдірді.

Ермек Көшербаев пен Антон Әлиханов Калининградтағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының ашылуына да қатысты.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ресейдің ең батыс нүктесінде ашылған өкілдік өңірде тұратын Қазақстаннан көшіп келушілердің көп болуын ескере отырып, қажетті консулдық қызметтерді көрсету бойынша азаматтармен жұмысты айтарлықтай жеңілдететін атап өтті. Бұған дейін бұл аумаққа Санкт-Петербургтегі бас консулдық қызметкерлері келіп, азаматтарды қабылдайтын.

Антон Әлихановтың айтуынша, ҚР Құрметті консулдығының ашылуы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, түрлі бірлескен іс-шараларды өткізуге серпін береді, жалпы алғанда, өңір өмірі үшін пайдалы болады.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Калининградтағы Құрметті консулы Александр Каневский жаңадан ашылған өкілдікті әлемнің кеңсесі және қазақстандықтардың да, калининградтықтардың да ортақ үйі деп атады.

Сапар барысында Ермек Көшербаев 1945 жылы сәуірде Кенигсбергті басып алу кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматы, гвардия сержанты, Кеңес Одағының Батыры Төлен Қабылов жерленген жаппай бейітке гүл шоғын қойды. Шараға қатысқан "Калининград облысындағы қазақстандық диаспора" қоғамдық ұйымының басқарма төрағасы Ерболат Нұркенов атап өткендей: "Біз, Қазақстаннан көшіп келгендер, үшін ұлтқа, дінге бөлінбей, небір окоптарда иық тіресіп, Отанын қорғаған аталарымызды, батырларымызды еске алу өте маңызды мәселе". Ол Калининград көшелерінің бірі Төлен Қабыловтың есімімен аталатынын, ал №14 жергілікті мектептің ғимаратында оның ерлігін еске алу үшін мемориалдық тақта орнатылғанын атап өтті.