Жаңалықтар

Қазақстандағы Орыс православие шіркеуі епархияларының басшылары ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінде қонақта болды

6.05.2022

Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде ҚР РФ Елшісі Ермек Көшербаев Астана және Қазақстан митрополиті Александр бастаған Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің епархиялары мен приходтарының басшылары делегациясымен кездесті.

Атап айтқанда, Орал және Ақтау архиепископы Антоний, Қаскелен епископы Геннадий, Павлодар және Екібастұз епископы Варнава, Қарағанды мен Шахтинск епископы Севастиан, Өскемен мен Семей епископы Амфилохий, Көкшетау және Ақмола епископы Серапион, Петропавл және Булаевский епископы Владимир, Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий, Талдықорған епископы болып сайланған архимандрит Клавдиан (Поляков) және т.б.

Кездесу барысында Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің қызметі және 2022 жылы қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне дайындық мәселелері талқыланды.

Тараптар дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды сақтау және конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында қоғамның рухани дамуы үшін жергілікті билік пен епархия арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтті.