Жаңалықтар

Ресей Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

2.08.2022

Бүгін Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкинмен кездесті.

Кездесуде Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегі, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Дипломаттар одан әрі қызметтік байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.