Жаңалықтар

Қазақстаннын Ресейдегі Елшілігінде Филиппин және Кипр Елшілерімен кездесулер өтті

26.08.2022

Мәскеуде Қазақстанның Елшілігінде ҚР РФ Елшісі Ермек Көшербаевтың Филиппиннің Ресейдегі Елшісі Игорь Байленмен және Кипрдің Ресейдегі Елшісі Кипрос Йоргаллиспен кездесулері өтті.

Кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың келешегі талқыланып.

Өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Дипломаттар тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыру ниетін растап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.