Жаңалықтар

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасы Митрополит Антоний қатысады

29.08.2022

Бүгін Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасы Митрополит Антониймен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің қызметі мәселелері талқыланды. Елші қазақстандық қоғамда бейбітшілікті, келісімді және конфессияаралық келісімді нығайтуда, өскелең ұрпақты адамгершілік-этикалық тәрбиелеуде және елдер арасындағы достық қарым-қатынаста маңызды рөл атқаратын Орыс православие шіркеуімен қалыптасқан қарым-қатынастың деңгейін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Тараптар дінаралық диалог, тату көршілік және өзара құрмет қағидаттарын қолдау мен орнатуда одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа ниетті екенін атап өтті. Дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды сақтау және конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында қоғамның рухани дамуы үшін жергілікті билік органдары мен епархиялардың өзара іс-қимылының маңыздылығы атап өтілді.

Кездесуде 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне ерекше назар аударылды. Митрополит Антоний өзінің форумға қатысатынын растады – ол Орыс православие шіркеуінің делегациясын басқарады. Оның айтуынша, Орыс православие шіркеуі Қазақстан басшылығының бұл шараны өткізу туралы бастамасына үлкен мән береді, оған делегация мүшелері үнемі белсенді түрде қатысады. Съезд тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге, барша адамзатқа маңызды жолдау беретін бейбітшілікті, келісімді, дінаралық диалогты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.