Афиша

Владимир «Шеге» Гвоздевтің Мәскеудегі көрмесі

29.07.2019

Ресейдің бас қаласында, бір ай бойы (11 шілде – 11 тамыз) қазақстандық суретші Владимир Гвоздевтің көрмесі өтуде. «Гостиный двор» кешенінде «Шеге» атты лақап атымен танымал алматылық суретші өзінің шығармашылығын барша көрермен қауымға ұсынды.

Владимир Гвоздев 1960 жылы, Свердлов облысында дүниеге келіп, ата-анасымен 3 жасар шағында Алматыға көшеді. 1993 жылы (қазіргі) Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірді. Өз жолын этно-символизм және декоративті реализм жанрымен байланыстырады.

«Шеге» сурет салғанда қолына қылқалам емес, мастихинді ұстағанды ұнатады. Бұл тәсіл, оның сөзінше, өзге құралдардан бояудың ерекшелігін жақсы көрсетіп және салынып жатқан бейненің түрлі көлемін нақты суреттейді.

Сонымен қатар, мастихинмен салынған суреттің бояуы анық әрі айқын түсетінін, суретке өзгеше реңк беретінін айтып өтті. Мастихин құралы - майлы бояуларды араластыруға, бояу тақтасын тазалауға және кенепке қою бояуды жағуға арналған арнайы қалақша тәрізді құрал. Суретші шығармашылығында ашық түстер пайдаланудан, эксперимент жасаудан тайсалмайды.

Владимир Гвоздев өз көрмесіне барлық өнер сүйер қауымды шақырады.

Мекен-жайы: «Гостиный двор» көрме-кешені. Мәскеу қаласы, Ильинка көш. 4 үй, стенд №22Б. Байланыс тел. +7 (965) 265-80-10.