Қазақстанда шетелдік БАҚ-н тіркеу

Шетелдік БАҚ Қазақстандағы өз өкілдігін аккредиттеу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қолма қол не Министрліктің ресми электрондық мекенжайы accreditation@mfa.kz арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:

1) БАҚ басшысы қол қойған және хатқа қол қойған адамның өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеу туралы өтінішпен еркін нысандағы хат;

2) құрылтай құжаттары (шарт) және (немесе) шетелдік БАҚ жарғысы (болған жағдайда);

3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген және шетелдік БАҚ-тың тіркелгенін растайтын құжаттар;

4) шетелдік БАҚ-тың толық атауы, қызметінің тарихы, заңды мекенжайы, байланыс деректері көрсетілген шетелдік БАҚ туралы мәліметтер.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген, жасаған немесе белгіленген нысан бойынша куәландырған құжаттар заңдастыру жасалған кезде қабылданады.

Шет тілінде жасалған құжаттарға мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне тиісті түрде куәландырылған аудармасымен қоса берілуге тиіс.

 

Өз журналистерін тұрақты аккредиттеу үшін шетелдік БАҚ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қолма қол не Министрліктің ресми электрондық мекенжайы accreditation@mfa.kz арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:

1) шетелдік БАҚ журналисін тұрақты аккредиттеу туралы қол қойылған еркін нысандағы хат;

2) өтініш берушінің өкілеттігін растайтын құжат, ал шетелдік БАҚ журналисі жүгінген кезде шетелдік БАҚ-пен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастарды растайтын құжат;

3) толтырылған аккредиттеу нысаны (жүктеу);

4) 3х4 сантиметр өлшеміндегі электрондық фотосурет;

5) шетелдік паспорттың (шетелдік үшін), азаматтығы жоқ адамның куәлігінің (азаматтығы жоқ адам үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасының азаматы үшін) көшірмесін;

6) Қазақстан Республикасындағы шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеу туралы Министрлік хабарламасының көшірмесін;

7) шетелдік БАҚ журналисінің Қазақстан Республикасымен байланысты (жарияланымдары, мақалалары) және шетелдік БАҚ өкілдігі өтінішхат берілген күнге дейін соңғы 6 (алты) ай бұрын жариялаған материалдарын (осы кезеңде тұрақты аккредиттелген шетелдік БАҚ журналистері үшін) жолдайды.

 

Шетелдік БАҚ журналисін уақытша аккредиттеу үшін өтініш беруші не шетелдік БАҚ журналисі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қолма қол не Министрліктің ресми электрондық мекенжайы accreditation@mfa.kz арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:

1) аккредиттеу мерзімі, Қазақстан Республикасының аумағында жоспарланған іс-шараның мақсаты мен күні көрсетілген іс-шара күніне дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей берілетін шетелдік БАҚ журналисін уақытша аккредиттеу туралы еркін нысанда қол қойылған хат;

2) өтініш берушінің өкілеттігін растайтын құжат, ал шетелдік БАҚ журналисі жүгінген кезде шетелдік БАҚ-пен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастарды растайтын құжат;

3) толтырылған аккредиттеу нысаны (жүктеу);

4) 3х4 сантиметр өлшеміндегі электрондық фотосурет;

5) шетелдік паспорттың (шетелдік үшін), азаматтығы жоқ адамның куәлігінің (азаматтығы жоқ адам үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасының азаматы үшін) көшірмесін.

 

Анықтама телефоны: +7 (7172) 72-01-45

 

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен олардың журналистерін аккредиттеу ережелерімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады.