Ресейдегі қазақстандық БАҚ-ның тілшілер қосыны

Қазіргі таңда Ресей Федерациясы аумағында қазақстандық БАҚ-ның корреспондеттік орындары жұмыс жасайды.

«Қазақстан» телеарнасы

Мемлекеттік телеарна. 1958 жылы 8 наурыздан таратыла бастады.. «Қазақстан» РТРА АҚ құрамына кіреді. Тәулік бойы қазақ тілінде хабар таратады. Таратылым қазақ тіліндегі ақпараттық, танымдық бағдарламалардан, фильмдерден, ссериалдардан тұрады.

Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық филиалдары бар.

Аймақтарда телеарна таратылым жасалып отырған қалаға сәйкес аталады.

(«Қазақстан-Тараз», «Қазақстан-Семей» және т.с.с.)

Сондай-ақ, «Балапан», «Kazsport» телеарналары, «Қазақ радиосы», «Шалқар радиосы», Астана радиосы және Classic радиосы «Қазақстан» РМТРА құрамына жатады.

Ресми сайты: https://qazaqstan.tv/ 

Ресейдегі меншікті тілшісі – Асанова Индира Бегайдарқызы

«Хабар» телеарнасы

Қазақ ТВ ақпараттық қызметінің базасы негізінде 1995 жылы құрылған.

Бүгінгі таңда «Хабар» – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар тарататын «Хабар», ұлттық спутниктік телеарна «Kazakh TV», тәуліктік ақпараттық телеарна «Хабар 24» және кино арна «ЕЛ АРНА» төрт арналы «тележанұя».

Тәулігіне орташа есеппен: «Хабар» – 20 сағат, «KazakhTV» – 24 сағат, «Хабар 24» – 24 сағат спутниктік таратылым және 18 сағат аналогтік таратылым жасайды.

Эфирде ең талғампаз көрермендерді қанағаттандыру мақсатында жаңалықтар, сериалдар, көркем, деректі фильмдер, бағдарламалар көрсетіледі.

55 %-дан кем емес бағдарламалар мемлекеттік тілде таратылады.

Телеарнаны Қазақстанның кез-келген жерінен көруге болады, көрермендерді қамту аумағы – 99 %.

Арна алыс-жақын шетелді қамтитын дамыған корреспонденттік торға ие.

Телеарнаның өкілдіктері АҚШ, Ресей, Бельгия, Италия, Оңтүстік Корее, Қытайда және Германияда ашылған.

Ресми сайты: http://khabar.kz/

Ресейдегі меншікті тілшісі – Нұржанова Дана Сайлауқызы.

«Казинформ» халықаралық ақпараттық агенттігі

95 жыл бойына саясат, экономика, білім, денсаулық сақтау, спорт мәдениет және қоғамның басқа да тіршілігі туралы ақпарат көзінің шұғыл әрі сенімді беделін сақтап келе жатқан Қазақстандағы алғаш халықаралық деңгейге жеткен жетекші мемлекеттік ақпараттық агенттік.

Агенттік жаңалықтары қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде таратылады.

Сондай-ақ, шетелде түратын отандастарымыз үшін қазақ тіліндегі жаңалықтарға латын өрнегі мен араб өрме жазуы қолданылады.

Қазинформ дамыған корреспонденттік желіге ие: елдің барлық аймақтарындағы 15 корреспонденттік орындар және Ресей, Қытай, Түркия, БАӘ, Бельгия, Әзірбайжан, Өзбекістан, Қырғызстандағы шетелдік өкілдіктер.

Бүгінгі таңда қазақстандық хабар тарататын интернет ресурстар рейтингісі бойынша 10 үздіктің қатарында. Порталды әлемнің 229 елінен күніне орташа есеппен 45 000 көрермен қарайды.

Арналар мен агенттік парақшасына жазылғандардың жиынтық саны 80000-нан асады.

Ресми сайты: http://www.inform.kz/