Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл

ҚР СІМ-де Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау жолдауларымен алмасу рәсімі өтті

22.10.2022

ҚР СІМ-де Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау жолдауларымен алмасу салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Ресейдің Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкин қатысты.

1992 жылы 22 қазанда ҚР мен РФ өкілетті өкілдіктерімен алмасу туралы хаттамаға қол қойылды. Осы сәттен бастап Қазақстан мен Ресейдің достық егеменді мемлекеттер ретіндегі дипломатиялық қатынастарының тарихы басталды. Осы кезеңде мемлекеттеріміз арасында тұрақты сенімгерлік және сындарлы диалог орнатылып, өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Екі мемлекет ынтымақтастығының барлық салаларын қамтитын берік нормативтік-құқықтық база құрылды.

Кездесу барысында уақыт сынағынан өткен және стратегиялық әріптестіктің үлгісі болып табылатын Қазақстан-Ресей қатынастарының дәстүрлі жоғары деңгейі атап өтілді. Екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі барлық негізгі мәселелер біздің елдеріміз арасында қалыптасқан сенімді және достық қарым-қатынастар бойынша әртүрлі деңгейде өткізілетін кездесулердің қарқындылығы туралы куәландырады.

Қазақстан ТМД елдері арасында Ресейдің екінші ірі сыртқы сауда серіктесі болып табылады. Өз кезегінде Ресей Қазақстанның негізгі елдік сауда серіктестері арасында бірінші орында тұр. Кездесу барысында елдеріміз арасындағы тауар айналымының үдемелі өсімі атап өтілді, ол 2021 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,1% - ға өсіп, шамамен 24,2 млрд АҚШ долларды құрады.

Кездесу барысында халықаралық ұйымдар мен өңірлік бірлестіктер – БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және АӨСШК аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.