Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Мәскеуде "Ұлы дала алтыны" көрмесі өтеді

6.02.2019

Наурыз айының 2-20 күндері аралығында Мәскеу қаласындағы Ресей заманауи тарихы мемлекеттік орталық мұражайында "Ұлы дала алтыны" атты көрме өтеді.

"Ұлы дала алтыны" көрмесі көрермендерін 2500 жыл бұрын уақытқа әкетіп, патшалардың өлмей, жерасты сарайларына мәңгілік ұйқыға кеткен кезді көрсетеді. Мұндай бірегей қорғандар Шығыс Қазақстанда орналасқан. Олар "Патшалар алқабы" деп аталып кеткен. Берель алқабында қазба жұмыстарын жүргізге кезде, археологтар онда екі мың жыл өтсе де өте жақсы сақталған бірегей қорымдарды анықтаған.

"Ұлы дала алтыны" көрмесінде сол уақыттағы атты және ат әбзелдерін, сондай-ақ Алтын адамды, біздің заманымыздағы жоғары технологиялар кезінде де жасала қоймайтын бірегей техникамен орындалған көптеген әшекей бұйымдар, семсерлер мен қанжарлар, ерте замандағы адамдардың мүсіндері мен еңбек қаруларын тамашалауға болады.

"Ұлы дала алтыны" көрмесі Ресейдің қазіргі заман тарихының Мемлекеттік орталық мұражайында орналасқан. Мәскеу, Тверская көшесі, 21 үй.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер