Жаңалықтар

Қазақстандық ұжым ТМД елдерінің театр фестиваліне қатысты

17.03.2019

ТМД елдерінің театр фестиваліне Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері "Құсни-Қорлан" спектаклін ұсынып отыр.

Мәдени шара бағдарламасына студенттік қойылымдар, семинарлар мен пікірталастар, сондай-ақ жастар мен педагогтарға арналған шеберлік сыныптар енгізілген. Фестиваль 15-20 наурыз аралығында өтеді. Байқауға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Армения және Молдовадан келген театрлар қатысады. Мақсат – достастық елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту.

Григорий Заславский, Ресей театр өнері институтының ректоры:

 Спектакль өте жоғары деңгейде қойылған деп толық сеніммен айта аламын. Себебі өнер ұжымын өз ісінің нағыз мамандары, яғни кәсіби шеберлер басқарып отыр. Қазақстанда талантты актерлер баршылық. Хореографиялық мектептердің жұмысы жақсы жолға қойылған. Қойылымда қазақ халқының ұлттық қолтаңбасы анық байқалады.

Ержан Құлымбетов, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы:

 Біздің студенттерге бұл үлкен дәреже, нәтиже деп ойлаймын. Өйткені жан-жақтан актерлер келіп отыр. Беларусь, Әзербайжан, Молдова. Біз бірінші болып спектакльді көрсетеміз. Жастар жылы деп жатыр, біз тек осы фестивальға ғана емес, сәуірде "Серебряная шпага" фестиваліне келеміз.