Жаңалықтар

"Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы" автожолы 9 метрге дейін кеңейтіледі

22.05.2019

Ақтөбе облысында ұзындығы 319 км "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)" республикалық маңызы бар автожол учаскесін қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

Аталмыш автомобиль жолы Орталық Азияны Еуропамен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен қосатын халықаралық дәліз болып табылады.

Қайта жаңартудан кейін бұл көлік жолының ені 9 метрге дейін кеңейтіліп, қозғалыс жылдамдығы сағатына 120 км дейін рұқсат етілген II техникалық санаттағы күре жол болады.

Халықаралық транзит дәлізін қайта жаңартудың арқасында Қазақстанның Қытай, Ресей және Батыс Еуропа елдері арасындағы транзиттік ағынның және тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.