Жаңалықтар

Елші Ермек Көшербаев Медиаиндустрия академиясының ректорымен кездесті

9.07.2020

Бүгін, 9 шілдеде, Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінде РФ-дағы ҚР Төтенше және Уәкілетті өкілі Ермек Көшербаев Баспа және бұқаралық коммуникациялар федералды агенттігінің «Медиаиндустрия академиясы» ҚКБ ФМББМ ректоры Вячеслав Умановскиймен кездесті.

Кездесу барысында «Медиаиндустрия академиясының» ректоры Вячеслав Умановский қазақстандық тарапты тамызда «Пандемиядан кейінгі медиа» атты онлайн-конференция форматында өтетін дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырды. Іс-шара шеңберінде COVID-19 пандемиясы жағдайындағы бұқаралық ақпарат құралдарының ахуалы мәселелері мен мемлекеттік органдардың қоғамды коронавирус туралы ақпараттандыру жүйесін өрістетуі мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сонымен бірге кездесу барысында медиаиндустрия саласындағы өскелең талаптарға жауап беретін қазақстандық кадрларды бірлесіп дайындау мүмкіндігі ортаға салынды. Ресейлік тарап Қазақстанда Медиаиндустрия академиясының филиалын ашу туралы және жұмыс істеп жатқан ресейлік Медиаиндустрия академиясының базасында қазақстандық мамандар үшін курстар мен семинарлар ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізді.

Медиаиндустрия академиясы медиа саласындағы мемлекеттік білім беру мекемесі, сонымен қатар ол «Журналистика» және «Кино-, теле- және басқа экрандық өнерлер» мамандықтары бойынша ғылым кандидаттары мен докторларын дайындайтын ғылыми орталық болып табылады.