Жаңалықтар

Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин Ресейдегі Қазақстанның Елшілігіне келді

18.09.2020

Бүгін Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне сыпайылық сапарымен келді.

Ресейдегі Қазақстанның Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында шекара ашылған жағдайда астрахандық жоғары оқу орындарында білім алатын қазақстандық студенттердің келуі мәселелері талқыланды.

Елші сонымен қатар Игорь Бабушкинге коронавирустың жаздағы тарауы кезінде Атырау облысына жіберілген гуманитарлық көмек үшін алғыс білдірді.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қалыптасқан деңгейін жоғары бағалады және оның жоғары оң қарқынын қолдауға, іскерлік топтардың арасында тікелей байланыстар орнатуға және тауарларды үшінші елдердің нарықтарына жылжытуға әзірліктерін білдірді.

Сонымен қатар қазақ тілін үйрену бойынша қосымша кабинеттер ашу және Астрахань облысының білім беру мекемелерінде тиісті кадрларды дайындау мәселесі қозғалды.

Қорытындысында Ермек Көшербаев Астраханьда ағымдағы жылдың қазан айында өтетін VI Каспий медиафорумына өзінің қатысатындығын растады. Форумның басты тақырыбы этнографиялық және экологиялық туризмді көпшілікке тарату, Каспий бассейні елдерінде тұрып жатқан халықтардың бай мұрасына қызығушылықты жоғарылатуға ықпал ететін медиажобаларды іске асыру болады.