8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
А.ж. 4 сәуірі күні қазақтың танымал опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Мұхамедқызы Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінде болды.
Жақында ол беделді халықаралық кәсіби музыкалық "Bravo" сыйлығының "Серіктес елдің ең танымал классикалық орындаушысы" номинациясының жеңімпазы болды. Марапаттау рәсімі Мәскеудегі Үлкен театрдың тарихи сахнасында өтті.
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қызметкерлері әншіні жеңісімен құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тіледі.
Кездесу барысында Майра Мұхамедқызы өзінің шығармашылық қызметі туралы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті.