Жаңалықтар

Covid махаббатқа кедергі емес

15.04.2021

Коронавирустық пандемия бүкіл әлемде әдеттегі өмір салтын бұзды. Бірақ, туындаған қиындықтарға қарамастан, сүйіспеншілікке толы жүректер әлі де өздерінің одақтарын ресми түрде біріктіріп, біріктіргісі келеді.

Бүгін, 15 сәуірде Қазақстан қазақ лиро-эпостық жырының кейіпкерлері – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған ұлттық ғашықтар күнін атап өтуде. Дәл осы күні Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің консулдық бөлімінде 26 жастағы Диас Керейбай мен 24 жастағы Мунира Манашова некелерін қиды.

Бір қызығы, жас жұбайлар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінің Ядролық физика кафедрасында бірге оқыған. Бірақ олар Ресейде, қазір жұмыс істейтін Мәскеу облысының Дубна қаласындағы Бірлескен ядролық зерттеулер институтында аспирантурада және магистратурада оқып жүргенде танысады.

Жастар екі жылдан бері таныс және қарым-қатынастарын ресми түрде ресімдеуге шешім қабылдады. Пандемияға байланысты некелерін Елшілікте тіркеуді жөн көрді.

"Біз аздап толқып тұрмыз, бірақ жақын жерде достарымыздың, жақындарымыздың бізбен бірге болғанына қуаныштымыз. Бүгін – ертегі күні және нағыз мереке!" – деп мойындады Диас пен Мунира.

Белгілі себептермен, үйлену тойларын кейінге шегеруге тура келді. Бірақ ерлі-зайыптылар ол үшін көңілдерін түсірмейді, керісінше, туындаған кедергілер тек сезімдерін күшейтіп, отбасындағы үйлесімді қарым-қатынас үшін өте маңызды ымыралы шешімдер қабылдау тәжірибесін береді деп санайды.

Жас жұбайларға бақыт тілейміз!

Фотогалерея