Жаңалықтар

Ресей қазақстандықтарға РФ азаматтығы бар туыстарына құрлық арқылы келуге рұқсат берді

20.05.2021

Ресей Федерациясы Үкіметінің 18.05.2021 жылғы №1291-р өкіміне сәйкес (сілтемені қараңыз), қазақстандықтардың Ресейге келуі үшін Ресей азаматтығы бар жақын туыстарының тізімі кеңейтілді.

Енді Қазақстан азаматтары туыстық қатынасын растайтын құжаттары болса, өзінің РФ азаматтығы бар жұбайларына, ата-аналарына, балаларына ғана емес, сонымен бірге туған ағалары, әпкелері, әжелері, аталары, немерелеріне де құрлық арқылы келе алады.