Жаңалықтар

ҚР РФ Елшілігі "Царицыно" мұражай-қорығымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

27.07.2021

Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігіне "Царицыно" мемлекеттік мұражай-қорығы бас директорының орынбасары Камиля Байдильдина келді.

ҚР РФ Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында екіжақты мәдени байланыстарды дамыту, бірлескен іс-шаралар мен жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қазан айында "Царицыно" мұражай-қорығының үлкен сарайының Екатерина залында Әлібек Дінішев, Нұржамал Үсенбаева, Айгүл Үлкенбаева, Ида Каплан, Айгүл Қосанова және "Алтын орда" қобызшылар тобының қатысуымен "Қазақстанның музыкалық әлемі" концерті өткен болатын.