Жаңалықтар

Қазақстан Елшілігіне Лаос Елшісі сыпайылық сапармен келді

28.07.2021

Қазақстан Елшілігіне Лаос Халықтық Демократиялық Республикасының Ресей Федерациясындағы жақында тағайындалған Елшісі Вилаван Йиапохэ ханым сыпайылық сапармен келді.

Қазақстан Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында екі ел арасындағы сауданы дамыту және мәдениет саласындағы ынтымақтастық сияқты негізгі бағыттар талқыланып, қызығушылық тудырған мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.

Кездесу соңында Лаос Елшісі Қазақстан халқын Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады.