Жаңалықтар

Астрахан облысында Роза Бағланованың 100 жылдығы атап өтілді

15.04.2022

Астрахан облысының Володар ауданындағы Құрманғазы атындағы облыстық мәдениет орталығында қазақтың көрнекті әншісі, КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті.

ҚР және РФ парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия отырысының қатысушылары, жергілікті мемлекеттік органдарының, қазақ диаспорасының өкілдері және Астрахан облысының тұрғындары кеш қонақтары болды.

Мерекелік концерт барысында Құрманғазы атындағы аймақтық мәдени орталығының шығармашылық ұжымы Роза Бағланованың репертуарынан танымал шығармаларды орындады.

Сонымен қатар, қонақтар көрнекті әншінің өмірі мен шығармашылық қызметіне қатысты қызықты деректермен танысып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты, ұлттық ойындар мен халық қолөнер бұйымдарын тамашалады, байқауларға қатысып, Құрманғазы мұражайының экспозициясымен танысты.