Жаңалықтар

Жеңіс күніне арналған құттықтау

9.05.2022

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтайды!

Қазақстан Ұлы Отан соғысының жеңісіне ерекше үлес қосты. Соғыс майданына 1,2 миллион қазақстандық шақырылып, әскери іс-қимылдарға тұрғындардың 20 пайызы атсалысты. Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, 7 бригада мен 50 полк құрылды. Миллиондаған қазақстандық күн демей, түн демей тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты.

Мемлекетімізге бейбітшілік, еліміздің барша тұрғындарына денсаулық, бақыт пен толағай табыстар тілейміз!