Жаңалықтар

8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін ПТР және вакцинацияны растау талаптары жойылды

7.06.2022

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, "Атамекен" ҰКП өкілдері және өңірлердің басшылары қатысты.

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:

Бірінші: ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге ҚР Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну міндетті талабын алып тастауды.

Екініші: Республиканың 7 өңірдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пункттердін жұмыс істеуге тыйым салуды алып тастау туралы шешім ҚАБЫЛДАДЫ.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 07.06.2022 ж № 27 Қаулысы