Жаңалықтар

Ресейдегі қазақстандықтар Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс бердi

20.11.2022

Бүгін Мәскеудегі ҚР Елшілігі мен Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбы қалаларындағы ҚР Бас консулдықтарында ашылған сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс бердi.

Елшілік дауыс берудің мәтіндік трансляциясын жүргізді (Мәскеу уақыты):

23:00. Ресейде сайлау учаскелеріндегі дауыс берудің соңғы қорытындысы шығарылды. Мәскеуде қатысуға тіркелген 2317 адамның 1420-сы (60,6 %) дауыс берді. Дауыс беру бойынша бірінші орынды 1205 дауыспен (84,86%) Қ.К.Тоқаев алды. "Бәріне қарсы" бағаны екінші орында – 116 (8,16%). Келесі кезекте С.П.Тұрсынбекова – 35 (2,46%), Ж.М.Дайрабаев – 33 (2,32%), М.З.Қажыкен – 15 (1,06%), Н.С.Әуеcбаев – 8 (0,56%), К.Ж.Абден – 5 (0,35%). Санкт-Петербургте қатысуға тіркелген 852 адамның 685-і, Қазанда – 300-ден 300-і, Астраханда – 104-тен 100-і, Омбыда – 85-тен 85-і дауыс берді.

20:00. Дауыс беру аяқталды. Алдын ала деректер бойынша, қатысуға тіркелген Мәскеуде 2317 адамның 1398-і, Петербургте 852-ден 685-і, Қазанда 300-ден 300-і, Астраханда 104-тен 100-i, Омбыда 85-тен 85-і дауыс берді. Сайлау комиссияларының мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісті.

19:00. Мәскеу уақытымен сағат 19:00-дегі мәлімет бойынша, Ресейдегі сайлау учаскелерінде 2470 адам (Мәскеуде – 1330, Санкт-Петербургте – 681, Астраханда – 100 (дауыс беру аяқталды), Омбыда – 85 (дауыс беру аяқталды), Қазанда – 274) дауыс берді.

18:00. Мәскеу уақытымен сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша, Ресейдегі сайлау учаскелерінде 2308 адам (Мәскеуде – 1211, Санкт-Петербургте – 664, Астраханда – 89, Омбыда – 85 (дауыс беру аяқталды), Қазанда – 259) дауыс берді.

17:00. Мәскеу уақытымен сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша, Ресейдегі сайлау учаскелерінде 2133 адам (Мәскеуде – 1102, Санкт-Петербургте – 637, Астраханда – 78, Омбыда – 85 (дауыс беру аяқталды), Қазанда – 231) дауыс берді.

16:40. Бақылаушылар Мәскеудегі сайлау учаскесінде сайлау процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. "Еркіндік қанаты" ҚҚ бақылаушысы Милана Байсұлтанованың айтуынша, дауыс беру заңнамаға және қажетті талаптарға сәйкес ұйымдастырылған, барлығы ашық, сапалы, азаматтарға ыңғайлы, шағымдар жоқ. Азаматтар отбасыларымен, балаларымен бірге келіп, естелік фотоға түсуде. Өз кезегінде, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушысы Андрей Брыксенков ҚР Мәскеудегі Елшілігі жанындағы учаскеде дауыс беруді ұйымдастыру кезек сайын жақсарып келе жатқанына назар аударды. "Бүгінгі суық ауа райын ескере отырып, сайлаушылар үшін ыстық шай қарастырылған. Барлығы шебер ойластырылған және сауатты ұйымдастырылған, қажетті ақпарат жедел беріледі. Сайлау мемлекеттің өз азаматтарына деген көзқарасын көрсетеді. Бүгін біз Қазақстанның сайлауға деген өте жауапты көзқарасын көріп отырмыз", – деді ол.

16:00. Мәскеу уақытымен сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, Ресейдегі сайлау учаскелерінде 1965 адам (Мәскеуде – 958, Санкт-Петербургте – 631, Астраханда – 76, Омбыда – 85, Қазанда – 215) дауыс берді.

15:00. Мәскеу уақытымен 15:00-дағы жағдай бойынша Мәскеудегі сайлау учаскесінде 845 адам дауыс берді.

14:15. Мәскеу уақытымен сағат 14:15-дегі мәлімет бойынша, Ресейдегі сайлау учаскелерінде 805 адам (Санкт-Петербургте – 484, Астраханда – 53, Омбыда – 85, Қазанда – 183) дауыс берді.

14:00. Мәскеу уақытымен 14:00-дағы жағдай бойынша Мәскеудегі сайлау учаскесінде 702 адам дауыс берді.

13:00.  84 жастағы Санжан Сейітқалиева Мәскеудегі учаскеде өз таңдауын жасауға келді. "Мен бұрын Алматыда тұрған кезімде үнемі дауыс беретінмін. Енді екінші жыл Мәскеуде тұрамын және бүгін азаматтық борышымды өтеуге келдім. Қазақстандықтардың өмірі одан да жақсаруы үшін еліміздің өркендегенін қалаймын", – деді ол.

12:00. Мәскеу уақытымен сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша, Ресейдегі сайлау учаскелерінде 910 адам (Мәскеуде – 464, Санкт-Петербургте – 305, Астраханда – 27, Омбыда – 77, Қазанда – 37) дауыс берді.

10:20. Мәскеу уақытымен 10:20-дағы жағдай бойынша Мәскеудегі сайлау учаскесінде 250 адам дауыс берді.

10:15.  Бүгін Мәскеудегі сайлау учаскесіне әскери жоғары оқу орындарының студенттері де дауыс беруге келді. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Әскери университетінің курсанты Дамир Айдосұлы сайлаудың өзі үшін үлкен маңызға ие екенін, Қазақстанның болашағы оның дауысына байланысты екенін атап өтті. Ол елімізде болып жатқан оқиғалардан хабардар болып отыратынын, еліміздің ұстанатын жолы бүгінгі сайлауға байланысты деп есептейтінін жеткізді.

  

09:30. Жексенбі күні таңертеңгі уақыт болғанына қарамастан, Мәскеудегі 265 сайлау учаскесінде сайлаушылардың белсенділігі жоғары.

09:00.  Дауыс беруден алған әсерімен жас ана Зухра Ахатаева бөлісті. "Бүгінгі күн еліміз үшін өте жауапты және маңызды оқиға деп санаймын. Туған жерімнен жырақта жүрсем де, азаматтық борышымды өтеуге келдім. Мен бірде-бір сайлаудан қалған емеспін. 2019 жылғы ҚР Президенті сайлауында да Мәскеудегі учаскеде дайыс берген болатынмын. Ел болашағына бей-жай қарамайтын, азаматтығының маңыздылығына бей-жай қарамайтын қандастарымыздың көптеп келгені өте қуанышты. Сондай-ақ, Елшіліктегі учаскеде ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өткен жөн. Бізге мұндағы қонақжайлылық, позитивтілік және мерекелік атмосферасы қатты әсер етті", – дейді ол.

  

08:00. Сайлауға балаларымен бірге келуде.

07:15.  Мәскеуде сайлаушылардың қатарында алғаш рет дауыс беруші азаматтарымыз да болды. "Мен елімнің алдында азаматтық борышымды өтеу үшін келдім. Мемлекетіміздің болашағы үшін, табысты дамуы үшін әрбір қазақстандық дұрыс таңдау жасауы керек деп есептеймін", – дейді Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің 2-курс студенті Айжас Әбілқасымов.

07:05. Мәскеудегі сайлау учаскесінде бірінші болып РФ СІМ Дипломатиялық академиясының студенті, 21 жастағы Әлішер Бейсен дауыс берді. "Мәскеуде бірінші болып дауыс беру мен үшін өте маңызды болды. Мен түні бойы осы сәтті күтіп, ұйықтамадым. Мен өте қуаныштымын, дауыс беру сәтіндегі фотомды әкеме жіберемін, ол өте қатты қуанады", – деп әсерімен бөлісті.

       

       

07:00. Қазанда сайлау учаскесі ашылды.

                               

07:00. Санкт-Петербургте сайлау учаскесі ашылды.

             

          

07:00. Мәскеуде сайлау учаскесі ашылды

          

    

06:00. Астраханда сайлау учаскесі ашылды

     

     

04:00. Омбыдағы сайлау учаскесінде дауыс беру Ресейдегі басқа қалалардан ерте басталды.