Коронавирус - COVID-19

Ақпарат

Ресейдегі Қазақстанның консулдық мекемелерінің «жедел желі» телефондары
  • Мәскеу

    8-925-897-71-14

  • Санкт-Петербург

    8-921-188-90-60

  • Қазан

    8-905-020-30-42

  • Омбы

    8-968-100-73-06

  • Астрахань

    +7-906-177-70-88

Абайдың 175 жылдық

Абай әуендері Мәскеу консерваториясы студенттерінің орындауында шырқалды

30.10.2020

Бүгін Ресейдегі Қазақстанның Елшісі Ермек Көшербаев П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясындағы қазақстандық студенттермен кездесті. 

Кездесу ағымдағы жылы аталып өтілудегі ұлы қазақ ақыны һәм ойшылы Абай Қүнанбаевтың 175 жылдығына орайластырылды. Осынау көрнекті оқиғаға орай студенттер оның атақты "Көзімнің қарасы", "Айттым сәлем, Қаламқас" туындыларын, сонымен қатар қазақ және әлем классикасының басқа да музыкалық шығармаларын орындады.

Жастарды қошеметтей келе, Ермек Көшербаев оларды Қазақстанның Алтын Қоры атады және де бұл Ресейде білім алып жатқандардың тек азғантай бөлігі ғана. Жастар ерен, өз Отанының нағыз патриоттары! – деп баса айтты елші.

Концертке барлығы 12 жас қазақстандық музыкант қатысты. Олардың бірі, П.И.Чайковский атындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы, скрипкашы Руслан Төрентаев іс-шарадан алған өз әсерлерімен бөлісті.

"Елшілікте туған жерімдей жайлы, емін-еркін жағдайда болу мен үшін өте көңіл сүйсіндірерлік. Біздің дипломаттарымыз үшін концерт беруге өте қуанышты болдық. Алдағы уақытта біздің елімізді ең жоғары позициялардан көрсетуге тырысатын боламыз", – деді жас скрипкашы.