Туризм

ЮНЕСКО-НЫҢ ӘЛЕМДІК МҰРА НЫСАНДАРЫ

Қазақстанның 4 нысаны ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілді. Оларға Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглифтер кешені, Сарыарқа – солтүстік Қазақстан көлдері мен жазықтары, сонымен қоса, Чанъань-Тянь-Шань дәлізі желісіндігі Ұлы Жібек Жолы жатады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (2003 ж бастап)

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Оңтүстік Қазақстандағы Түркістан қаласында орналасқан (8-ші бет, 5-ші бөлімшеге сілтеме – Оңтүстік Қазақстан). Ол ХІV-ші ғасырдың аяғы мен ХV-ші ғасырдың басында Әмір Темірдің тұсында салынған. Әлі аяқтала қоймаған ғимараттың құрылысына Орта Азиялық сәулетшілер Тимурид империясының астанасы Самарқандты тұрғызғанда қолданған жаңашыл сәулет-құрылыс шешімдері секілді әдістерді пайдаланады. Бүгінде, кесене сол дәуірдің ең маңызды және жақсы сақталған ғимараттарының бірі болып келеді.

Бұл орасан зор ғимарат Шығыста атағы шыққан ХІІ ғасырда өмір сүрген көне түркі ақыны және сопылық уағыздаушы Қожа Ахмет Ясауидың құрметіне тұрғызылған (4-бет, 5-бөлімшеге сілтеме – әдебиет). «Яасуи» сөзі «Яссыдан», яғни «Яссы қаласынан» дегенді білдіреді. Ертеде Түркістан қаласының атауы. Қала - кең-байтақ Дешті Қыпшақ өңіріндегі түркі тілдес халықтарының рухани-саяси орталығы болып, екі ғасыр бойы қазақ хандығының астанасы болып келді.

Қожа Ахмет Ясауи кесенінен бөлек, ғимараттың ішіне – ортағасырлық монша, әулие тұрған жерасты мешіті, Әмір Темірдің немересі Рабия Сұлтан Бегімнің кесенесі және басқа да ескерткіш мұралары кіреді.

Тамғалы петроглифтері (2004ж бастап)

Тамғалы петроглифтері - Алматыдан 170 км солтүстік-батыс қашықтықта, Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аңғар Аңырақай тау-сілемесінде орналасқан.

1957 жылы табылған бұл кешен б.з.д. ІІ-ші мыңжылдықтың екінші жартысынан ХХ-шы ғ. басына дейінгі аралықтағы шамамен 5 мың петроглифтерді (жартасқа салынған суреттер) қамтиды.

Мұнда тастан жасалған жәшік-сандықтар (орта және соңғы қола дәуірі) мен топырақ пен тастан салынған қорғандарды (ерте темір дәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін) қоса алғандағы көптеген ежелгі обалар саны табылған.

Орталық тармақ, петроглифтердің ең тығыз шоғырланғануымен ерекшеленеді және шамамен осы жердің құрбандық шалуға арналған орын - алтарь екендігін көрсетеді.

Сарыарқа – солтүстік Қазақстан көлдері мен жазықтары (2008 ж бастап)

Бұл бөлім 450,344 гектар жалпы аумақты алып жатқан екі мемлекеттің табиғи қорықтан - «Қорғалжын» және «Наурызымнан» тұрады (5-ші бет,7-ші бөлімшеге сілтеме – Фауна).

Тармақтың қарқынды аумағын алып жатқан балшықты жерлер, араларында жоғалу қаупі бар жүзуші құстардың тіршілік әрекетіне өте маңызды болып келеді. Мысалға айтсақ, Ақ Сібір тырнасы, бұйра бірқазан және ұзын құйрықты субүркіт.

Тармақ құрамына кірген 200,000 гектар Орта Азия даласындағы дала флора аймағында мекендейтін жануарлардың жартысынан көбінің жойылу қаупі төнген құстардың түрлерінің және ерекше қоршауға алынған түр – кезінде қырғын болған, браконьерлік пен жаппай індеттің кесірінен саны жойылып бара жатқан ақбөкендердің мекендеу орны болып отыр.

Сонымен қоса, бұл тармақ тұщы және ащы судан тұратын 2 көлден тұрады. Олар солтүстікте Арктикаға ағатын, оңтүстікте Арал-Ертіс бассейніне ағатын өзенді бөлетін су айырығында орналасқан.

Үлкен Қорғалжын қорығы

Қорғалжын қорығы Астана қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 130 км қашықтықта орналасқан. Қорық кезінде бүкіл ойпатты алып жатқан ежелгі мұхиттың қалдығы болып келетін Теңіз және Қорғалжын атты екі үлкен көлден тұрады. Өзге де кішігірім су айдындарымен бірге, олар бірден-бір балық пен құстарға бай батпақты кешенді құрайды. Қорғалжын қорығында Қызыл Кітапқа енгізілген құстардың 32 түрі мекендейді. Солардың бірі, таңғажайып әдемі құс – қызғылт фламинго. Қорықтың жануарлар әлемі 40-қа жуық.

Чанъань-Тянь-Шань дәлізі бағдарламасының желісіндігі Ұлы Жібек Жолы (2014 ж бастап)

2014 жылы Қазақстан Республикасының сегіз нысаны Ұлы Жібек жолының құрамдас бөлігі ретінде ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілді. Қытайдың Лоянынан (Чанъанның көне аты) Орта Азиядағы Жетісуға дейін Қытай мен Қырғызстандағы тармақтарды қосқандағы бүкіл жоба 33 тармақтан тұрды.

Қазақстан тармақтарының арасында – Қаялық, Алматы облысындағы Қарамерген мен Талғар және Ақтөбедегі Степинская ескі қала орны.