Ресейдегі Қазақстанның консулдық мекемелерінің «жедел желі» телефондары
  • Мәскеу

    8-925-897-71-14

  • Санкт-Петербург

    8-921-188-90-60

  • Қазан

    8-905-020-30-42

  • Омбы

    8-968-100-73-06

  • Астрахань

    +7-906-177-70-88

  • Екатеринбург

    +7-939-919-76-33

Экономикалық ынтымақтастық

САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Ресей Қазақстанның негізгі сыртқы экономикалық серіктесі болып қала береді.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 3,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3,6 млрд АҚШ доллары) 4,9%-ға жоғары.

2023 жылғы 14-16 ақпанда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Қарабаевтың Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және сауда министрі Д. Мантуровпен, Ресей Федерациясы Көлік министрі В. Савельевпен, Энергетика министрі Н. Шульгинмен және Құрылыс министрі И. Файзуллинмен екіжақты кездесулері өтті.

2023 жылғы 21 сәуірде Мәскеуде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Қарабаев пен Ресей Федерациясының Көлік министрі В. Савельевтің төрағалығымен екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның көлік жөніндегі Кіші комиссиясының XVII отырысы өтті.

2023 жылғы 14-15 наурызда Астанада «Роскосмос» Мемлекеттік корпорациясы өкілдерінің Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылығымен қызметтік кездесуі өтті.

Қарым-қатынастардың табысты дамуына Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2018-2023 жылдарға арналған өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық бағдарламасының негізінде жүзеге асырылатын өңіраралық ынтымақтастық және екі елдің аймақтары арасында жасалған 200-ден астам шарттар мен келісімдер ықпал етуде.

Жергілікті әкімдіктер мен іскер топтардың іс-сапарларымен алмасу белсенді жүргізілуде. Өңіраралық ынтымақтастық форумы жыл сайын мемлекет басшыларының қатысуымен өтеді.

2022 жылғы 28 қарашада Орынборда Мемлекет басшыларының қатысуымен «Халықаралық саудадағы инфрақұрылымдық шектеулерді жою» тақырыбында «гибридтік» форматта Қазақстан мен Ресейдің XVIII өңіраралық ынтымақтастығы форумы өтті.

Өңіраралық ынтымақтастық форумының келесі ХІХ отырысы 2023 жылдың күзінде Қостанайда өтеді деп жоспарлануда.