Жалпы ақпарат

Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін 1991 жылы мойындады.

1992 жылы 22 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылы Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.

1992 жылы Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды.

Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан, Омбы, Екатеринбург қалаларында Қазақстан Республикасының Бас консулдықтары, Ленинград, Псков облыстарында, Түменде Қазақстан Республикасының Құрметті консулдары жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Алматы, Өскемен және Орал қалаларында Ресей Федерациясының Бас консулдықтары бар.

2023 жылғы 3 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Абаев Дәурен Әскербекұлы тағайындалды.

2018 жылғы 7 ақпаннан бастап Алексей Николаевич Бородавкин Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынас серпінді дамып келеді және ынтымақтастықтың көптеген салаларын қамтиды. Екіжақты байланыстар мен ынтымақтастық кең көлемді шарттық-құқықтық базамен реттеледі (400-ден астам шарттар мен келісімдерге қол қойылды).

Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт (1992), XXI ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларация (1998) негізгі Қазақстан-Ресей құжаттар болып табылады.

Қазіргі кезеңде 2013 жылы екі елдің президенттері қол қойған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шарт стратегиялық әріптестіктің негізі болып табылады.