Еуразиялық экономикалық интеграция

Қазақстан Республикасы көптеген интеграциялық процестердің бастамашы және белсеңді қатысушысы болып табылады. Еуразиялық интеграция туралы идеясы алғашқы рет 1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жария етті. Басында сол кезде революциялық болып көрілген бұл бастама бір мағыналы емес қабылданды. Бірақ кезі жеткенде ол үлкен қолдау мен даму тапты.

Нәтижесінде – бірінші кезеңде Кеден одағы құрылды, сосын Бірыңғай экономикалық кеңістік, ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Беларусь, Қазақстан және Ресей негізін салушылар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастады. Осы жылда да Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасы ЕАЭО-ның толық құқықты мүшелері болды.

XX-ғасырдың ортасында қалыптасуы басталған Еуропалық одақ қатарында ЕАЭО әлемде толық экономикалық одақтың екінші үлгісі болып табылды.

ЕАЭО саяси бірлестік болып табылмайды. Одақ туралы шартты әзірлеу барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер оның саясиландыру және ұлттық егемендігін тигізетін мәселелерді Одақтың құзыретіне беруден саналы бас тартты. ЕАЭО шеңберінде тек экономикалық ынтымақтастық мәселелері қарастырылады, сондай-ақ егеменді теңдігі, оның мүше мемлекеттердің тең құқықтығы мен ұлттық мүдделерін ескеру қағидасы қамтамасыз етілді.

ЕАЭО өңірлік экономикалық интеграция халықаралық ұйымы, оның негізінде мемлекеттердің Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар болып табылады.

ЕАЭО шеңберінде тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күштің еркін қозғалысы, 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарт пен ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттармен анықталған экономика салаларындағы үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясатын жүргізуі қамтамасыз етіледі.

Одақтың негізгі мақсаттары мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесіне орай олардың экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдай жасау; Одақ шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға ұмтылу, сондай-ақ жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Еуразиялық интеграцияның экономикалық әлеуеті өте жоғары. Мемлекеттер экономикалардың жиынтық көлемі халық саны 182 миллионнан астам адамдармен 2,2 триллион АҚШ доллар құрайды.

Континенттік «тұйықтығы» жағдайында Қазақстан экономикасын өсуі және оны диверсификациялау үшін көлік шығындардың төмендетуі маңызды жүйелі аспектісі болып табылады. ЕАЭО шеңберінде жүк тасымалына әріптес елдерінің инфрақұрылым мен ішкімемлекеттік тарифтерге шығу мүмкіндігі туралы уағдаластықтар қазақстандық бизнеске көлік шығындарын азайтуды мүмкіндік берді. Тиісінше қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтарда бәсекеге жарамдылығы артты.

Техникалық реттеудің бірыңғай қағидалары, ветеринарлық-санитарлық пен фитосанитарлық қауіпсіздіктің жалпы жүйесі өнімді мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы бірыңғай талаптары мен тең жағдайларда тасуды мүмкіндік береді.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына және бизнеске жұмыс күштің еркін қозғалылуынан артықшылықтар көзге түсті. Одақ елдерінің қатардағы азаматтары еңбек қызметті жүзеге асыруға рұқсат алмай кез келген мүше мемлекеттерде қызмет ете алады, білім туралы құжаттарды тану рәсімін өтпей пайдалана алады.

2017 жылдың 6 мамырынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ортақ дәрілік заттар мен медициналық өнімдерінің бірыңғай нарығы жұмыс істей бастады.

ЕАЭО шеңберінде мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарықты 2025 жылға қалыптастыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұл өзара саудада экспорттық кедендік баждар мен шектеулерді қолданбауды көздейді. Бұдан басқа, 2025 жылға қарай газ көліктік инфрақұрылымға қол жетімділік беріледі. Қазақстан осы мәселелерді шешуде мүдделі.

Әріптес елдердің инфрақұрылымына қол жетімділігі туралы уағдаластықтар біздің экспорттаушыларымыздың көліктік артықшылықтарды қысқартуға мүмкіндік береді. Тиісінше экспортқа, соның ішінде Еуропа елдеріне шығарылатын қазақстандық өнімінің бәсекеге қабілеттілігі арттырылады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында мұнай және мұнай өнімдерінің жеткізу өзара байланысты жүйелері бар. Кедергілерсіз саудада жалпы жағдайлардың қолдануы осы жүйелердің жұмыс істеуінде тұрақтылық пен теңгерімділігі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлемдік экономикалық өсу қарқынының төмендету жағдайында Қазақстанның еуразиялық экономикалық интеграциясына қатысуы экономиканың диверсификациялау, еңбек өнімділігін арттыру үшін қажетті негізін құрайды.

Бұдан басқа, ЕАЭО қызметінде халықаралық байланыстардың жандандыруына күш салуда. Негізгі әріптестермен және жаңа өсіп жатқан нарықтармен сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайтуда ЕАЭО-ның барлық континентте ролін жоғарлату үшін серпін беруі тиіс. Әлемнің 30-дан астам елдерінің ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құру туралы шарттарға қол қою мүдделігі ЕАЭО тартымдылығының айғағы болып табылады.

Қазіргі таңда ЕАЭО-нің бірнеше елдерімен, соның ішінде Монғолиямен, Чилимен, Перумен, Сингапурмен және Камбоджамен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы 25-тен астам меморандумдарға қол қойылды.

2016 жылғы 5 қазанда ЕАЭО шеңберінде алғашқы преференциялық шарты болып табылатын Вьетнаммен Еркін сауда туралы келісімі күшіне енді. Иран, Сингапур және Сербиямен еркін сауда туралы келісімдерге қол қойылды.

Еуропалық одақпен және Шанхай ынтымақтастық ұйымымен тікелей араластығының іздестіру жүргізілуде. ЕАЭО және «Жібек жолы Экономикалық белдеуі» қытайлық бастамасы түйіндесуге бет алынды.

Жалпы, Қазақстан Еуразия кең кеңістігінде интеграцияның қарышты дамуына әрқашан қолдауы, біздің көзқарасымызша жаһандық экономикалық дамуына қуатты мультипликативті серпін береді.

ЕАЭО шеңберіндегі ынтымақтастығы келесідей салаларда:

  • кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;
  • кедендік реттеу;
  • техникалық реттеу;
  • санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар;
  • кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу және бөлу;
  • үшінші тараптарға қатысты сауда режимдерін белгілеу;
  • сыртқы және өзара сауда статистикасы;
  • макроэкономикалық саясат;
  • бәсекелестік саясат;
  • өнеркәсіптік және ауылшаруашылық субсидиялары;
  • энергетикалық саясат;
  • табиғи монополиялар;
  • мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алулар;
  • көрсетілетін қызметтердің өзара саудасы және инвестициялар;
  • көлік және тасымалдау;
  • валюта саясаты;
  • зияткерлік меншік;
  • еңбек көші-қоны;
  • қаржы нарығы (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы) жүзеге асырылады.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі (мүше мемлекеттердің басшылары), Еуразиялық үкіметаралық кеңесі (мүше мемлекеттердің үкімет басшылары), Еуразиялық экономикалық комиссия (Комиссия), сондай-ақ Минск қ. орналасқан ЕАЭО Соты ЕАЭО органдары болып табылады.

Комиссия 2 деңгейден тұрады – Кеңес пен Алқа. Кеңес мүше мемлекеттердің бес премьер-министрлердің орынбасарларымен ұсынған. Комиссия Алқасы әр мемлекеттен 2 өкілден 10 адамнан тұрады. Комиссияның орналасқан жері – Мәскеу қаласы. Төрт жылдық мерзімге Алқаның Төрағасы болып Беларусь Республикасының өкілі – Мясникович Михаил Владимирович тағайындалды.

Жоғары, Үкіметаралық кеңестердің және Комиссия Кеңесінің барлық шешімдері консенсус арқылы қабылданады, бұл әр мүше мемлекеттің мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді.

Комиссия Алқасында консенсус және айқын басым көпшілік дауыс арқылы шешімдердің қабылдау тетігі калыптастырылған. Консенсус арқылы ең сезімтал мәселелер бойынша шешімдер, басқалары бойынша – айқын басым көпшілік дауыс жалпы санының үштен екісінің қабылданады.

Бұл ретте, Алқа қабылдайтын әр шешімдер Одақтың жоғары тұрған органдармен – Комиссия Кеңесі, Үкіметаралық кеңесі, Жоғары кеңесі қайта қарастырылуы мүмкін. Соңғы шара ретінде, әр мәселе ЕАЭО Сотында қарсы болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша Комиссияның да, Соттың да құрылымдық бөлімшелерінде директорлардың және директор орынбасарларының лауазымдары тең өкілдік ету қағидасын сақтай отырып, мүше мемлекеттердің өкілдері иеленген.

Қазіргі кезде, Комиссия әрқайсысы Комиссия департаменттерінің 5 директорлар және 13 директордың орынбасарлары ұсынған 25 департаменттен тұрады. Басқа қызметкерлер осы органдарды қаржыландыруға қатысатын мемлекеттердің тепе-тең үлесінде тағайындалады. Комиссияның штаттық саны – 1071 адам.

Жалпы, ЕАЭО қызметі мүше мемлекеттердің азаматтарының әл-ауқатын және тұрмыс сапасын арттыру бойынша міндеттерді шешуге бағытталған. ЕАЭО мүше мемлекеттердің экономикаларын дамытуға және жан-жақты жаңғырту үшін қуатты ынталылық және оларды жаһандық әлемде жетекші ұстанымдарға шығару болып табылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтынан алынды