8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінде екі жылдық мерзімге тұрақты емес мүше ретінде өз жұмысына кірісті. Астана Қазақстанның кандидатурасын қолдаған Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттерге алғысын білдіреді. Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғаны ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мінсіз халықаралық беделін, елдің жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікке қосқан үлесін растайтынын дәлелдейді. 2017 жылғы 2 наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға мүшесі болғанына 25 жыл толды. 25 жыл бойы еліміз БҰҰ жарғысының мақсаттары мен міндеттеріне, халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына шынайы берілгендігін көрсете білді.
Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі қызметі елдер арасындағы сенім мен диалогты нығайтуға, ядросыз әлемді құру және халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, қақтығыстарды бейбіт жолымен реттеуге бағытталған. Бұл тұрғыда Қазақстан шиеленістер мен зорлықты тоқтату бойынша бірлескен әрекеттер алгоритмін қамтыған Мемлекет басшысы Манифест. «Әлем. ХХІ ғасыр» ұсынысын жүзеге асыруды алға жылжытуды ниеттеніп отыр.
Астана әлем қауымдастығын терроризмге қарсы әрекеттер жасау үшін бірігуге дәйекті түрде шақырып отыр. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің үш аса жауапты санкциялық комитеттерін басқарды – ДАИШ және «Аль-Каидамен» күрес жөнінде, «Талибан» қозғалысы мен Ауғанстан бойынша, сондай-ақ «Аш-Шабаб» террорлық топ белсенді әрекеттер жасап отырған Сомали және Эритрея бойынша. БҰҰ ҚК шеңберінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында алға шығарған террорға қарсы бастамалары белсенді ілгерілетіліп келіде.
Қазақстан өзінің жауапты бітімгер мәртебесін бекіте білді. Мемлекет басшысының жоғары абыройы арқасында Астана сирияаралық келіссөздердің өткізу орны болып табылды. Женева форматына толықтыру ретінде Астаналық үдеріс Сириядағы атысты тоқтатуға елеулі үлес қосқан тиімді диалог алаңына айналды. Астаналық формат қазіргі сириялық қақтығыстағы ең ұзақ атыстың тоқтатуына әкелді, «тұрақтандыру» деп аталатын 4 аймақтың құруына ыңғайлы жағдай тудырды.
Қазақстанның БҰҰ ҚК-не сайлануы Орталық Азияның жетістігі деп танылады. Бұл өңір алғашқы рет әлемдік саясат пен экономиканың өзекті проблемалары талқыланатын осыншалықты абыройлы алаңда өкілеттігін орнатып отыр. Астана Орталық Азия мемлекеттерінің мүдделерін қорғауға бейілділігін сақтай отырып, өңіріміздің мәселелерін Ауғанстандағы жағдай әсерімен қарауға шақырып отыр. Қазақстан Орталық Азияда барлық қызығушылық танытқан елдердің мүдделерін үйлесімді қиюласуы негізінде аумақтық бейбітшілік, қауіпсіздік, ынтымақтастық және даму аймағы моделін қалыптастырып, қолдану мүмкін болатынына сенім артады.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуінің нәтижелері