Студенттерге арналған пайдалы ақпарат

Ресей ЖОО-да оқитын қазақстандық студенттердің назарына!

Ресейге кірген кезде күндізгі және кешкі бөлімде оқитын студенттер көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын "оқу" деп көрсетуі керек. Келу мақсатының басқа түрлерін көрсету Ресей Федерациясының көші-қон заңнамасын бұзу болып табылады.

Студенттер келген күннен бастап 90 күн ішінде белгіленген медициналық ұйымдарда медициналық тексеруден өтуі тиіс. Мұндай ұйымдардың тізімін университетіңіздің әкімшілінен сұрауға болады. 

Ресей Федерациясының аумағындағы барлық шетелдік азаматтар үшін сақтандыру полисінің болуы міндетті екенін ескертеміз. ЖОО сақтандыру компанияларымен бірлесіп, студенттерге арналған арнайы бағдарламаларды, соның ішінде 07.01.2021 жылғы № 274-ФЗ Федералдық заңына сәйкес ақылы медициналық тексеруден өту қызметтерін әзірледі.